Ауа райын қолдан басқару жобасының қатері...
Ауа райын қолдан басқару жобасының қатері...
4 жыл бұрын 3489 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде болса, аттай бір ай бұрын сайтымыздың жаңалықтар таспасында жарияланған «Қытай аумағының жартысынан астамында жасанды жаңбыр мен қар жаудыратын жоба жүзеге асырыла бастайды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-aumagynyn-jartysynan-astamynda-jasandy-janbyr-men-qar-jaudyratyn-joba-juzege-asyryla-bastaidy-14498/#gsc.tab=0) материалымызда айтып өткеніміздей, Қытай билігі жаһандық жылыну салдарынан орын алған климат өзгерісіне қарсы тұру, дәлірегі, шөлейттену мен құрғақшылықтың бетін қайтару әрі астық түсімін арттыру мақсатында ел аумағының 56%-да ауа райын жасанды жолмен басқаруға көшеді. Бұл жайында islam.kz порталы Тайванның метеорологиялық, геологиялық құзырлы органдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ресми дерек бойынша Қытай билігі мен халқы құрғақшылық пен аңызақтың бетін қайтару үшін жыл сайын млн-даған гектарға ағаш отырғызғанымен жыл сайын аталған елдің ауыл шаруашылығына жарамды аумағының шамамен 1300 шаршы шақырымы шөлейттеніп, дегредацияға ұшырайда екен. Жалпы әлем бойынша, яғни, құрлықтың 41%-ы шөл мен шөлейтті аймақтан тұрады. Бұл көрсеткіш жылдан жылға артып келе жатыр. Ауыл шаруашылығы үшін орман-тоғай оталып, көлдер мен өзендер тартылуда.Осыған байланысты әлемнің көптеген елдері ауа райын қолдан басқарудың, дәлірегі, жасанды жауын жаудыру технологиясын қолдануға көшті. Солардың ішінде Қытай да 2035 жылға қарай ел аумағының 56%-да ауа райын жасанды жолмен басқаруға көшеді. Тарқатып айтсақ, 2025 жылға дейін 16 млн шаршы шақырым аумақта (Үндістан аумағынан асып түсетін жерде) ауа райын қолдан басқаруды жоспарлап отыр. Алайда, Қытайдың бұл әрекетінен ең алдымен маусымдық муссондық нөсерге ауыл шаруашылығы тәуелді Үндістан зардап көреді. Тайван ұлттық университетінің ғалымдары ауа райын бір жақты қолдан басқарудың, яғни, көрші елдермен келіспей, өзара үйлесімді жұмыс істемей бір жақты әрекеттің арты климат өзгерісіне байланысты дағдарысты одан ары тереңдететінін алға тартып отыр.

Ұқсас материалдар:

«Қытай аумағының жартысынан астамында жасанды жаңбыр мен қар жаудыратын жоба жүзеге асырыла бастайды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-aumagynyn-jartysynan-astamynda-jasandy-janbyr-men-qar-jaudyratyn-joba-juzege-asyryla-bastaidy-14498/#gsc.tab=0);

«Шөлге жасанды жолмен жаңбыр жаудыру технологиясы сынақтан өтіп жатыр» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/sholge-jasandy-jolmen-janbyr-jaudyru-tehnologiyasy-synaqtan-otip-jatyr-12429/#gsc.tab=0);

«Биржада жауын суы тұңғыш рет сатылды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/madeniet/birjada-jauyn-suy-tungysh-ret-satyldy-14539/#gsc.tab=0);

0 пікір
Мұрағат