Атом бомбасын жасаған алғашқы мұсылман ғалымы өмірден озды
Атом бомбасын жасаған алғашқы мұсылман ғалымы өмірден озды
3 жыл бұрын 2345 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бүгін, яғни, қазан айының 10-ы күні Пәкістанда аталған елдің ядролық бағдарламасының жетекшісі, физик Әбдіқадір Хан 86 жасында бақиға аттанды. Кейбір ақпарат көздерінің хабарлауынша, ол қарттығына байланысты денсаулығы нашарлап, өмірден озған, ал кей мәлімет бойынша ол тәжді тажал вирусынан дүние салған. Бұл жайыда islam.kz порталы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қазаға байланысты Пәкістанның премьер-министрі Имран Хан ғалымның туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Тарихқа сәл шегініс: 1965 жылы Пәкістан мен Үндістан арасындағы қарулы қақтығыс өршіп тұрғанда Пәкістанның сыртқы істер министрі Зұлпақыр Әлі Бхутто: "Егер Үндістан атом бомбасын жасаса, біз де жасаймыз. Тіпті, ас-сусыз аш отырсақ та. Бомба христианда да, иудейде де бар, енді үнділер ие болып жатыр, неге мұсылмандар да өзінікін жасамасқа?!" деп мәлімдеген болатын. Осылайша алғаш рет жаппай қырып-жоятын қару мұсылман елінде де - Пәкістанда пайда болған еді.

0 пікір
Мұрағат