Асыра сілтеу ме әлде мыстан аулау ма?
Асыра сілтеу ме әлде мыстан аулау ма?
10 жыл бұрын 3103

Британ билігінің балалар бақшасындағы «экстремизмге қарсы» науқаны құқық қорғаушылар мен қоғам белсенділерінің наразылығын тудырды. Британяның ішкі істер министрлігінің балалар бақшасындағы «экстремизмге қарсы» шығарылған жаңа өкімі бойынша балалар мекемесінде жұмыс істейтін қызметкерлер мен тәрбиешілер «қоғамға қауіпті діни көзқарастағы балалар» жайында дер кезінде хабарлап отыруы тиіс. Алайда, құқық қорғаушылар мен мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызметкерлері аталмыш министрліктің бұл пәрменін қалай түсінерін білмей бастары қатып отыр.Олардың айтуынша, әсере сақтық танытып, асыра сілтеген Британ билігінің әлі оң мен солын тани қоймаған баладан қарадай қауіптеніп отырғаны ақылға сыймайды, көңілге қонбайды. «Мұның өмірде қалай іске асатынын елестудің өзі мүмкін емес. Мойындауым керек, балалар бақшасының қызметкерлерінен нені талап етіп отырғанын түсіне алар емеспін»,- деді парламент депутаты Дэфвид Дэвис The Telegraph ақпарат көзіне берген сұхбатында.

0 пікір
Мұрағат