Асыра мақтаймын деп, Аллаға тән мадақты королге айтып жіберді
|
Саудиялық тілшінің басына қара бұлт үйірілді - королді асыра мақтаймын деп, Аллаға тән мадақты айтып жібергені үшін.Нақтырақ айтқанда, al-Jazirah мерзімді басылымының тішлшісі Рамазан Анзи өзінің мақаласында монарх Салманның атына мақиауды қарша жаудырып, өте өрескел қателік жіберген. Яғни, Ислам каноны бойынша тек Аллаға ғана тән эпитетті қолданған. Бұл жайында BBC ақпарат көзі хабар таратты. Бұл жайтты білген корол тілшіні жұмыстан шығаруға және тергеу жүргізуге пәрмен берді. Аталмыш газет королді «Халим» және «Шадид әл-Икаб» деп сипаттап, осынау өрескел қателікке жол бергені үшін жария түрде, яғни, мерзімді басылым бетінде кешірім сұрап үлгерді. Десе де аталған мерзімді басылым кешірім сұрап құтылмайтын болды: нақты санкция салынуы мүмкін.