Әскери биороботтар қарулы күштер сапында болады
Әскери биороботтар қарулы күштер сапында болады
6 жыл бұрын 3709 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Технолгиялық жетістіктері көп Оңтүстік Корея 2024 жылы қарулы күштер құрамына жәндіктер мен жануарларды, адамды имитациялайтын, яғни, тіршілік иелеріне ұқсатып жасайтын биороботтарды енгізетін болады. Бұл жайында қару-жарақты сатып алу бағдарламасы жөніндегі агенттік баяндамасында айтылған. Аталмыш баяндамада негізгі қорғаныс технологиясын дамытуға басымдық беретін жобалар қамтылған. Аталған агенттік жақын болашақта биороботтарды қолдануды ұйғарып отыр. Агенттік өкілдері  биороботтардың болашақтағы соғыстың барысын өзгертенінін алға тартып отыр. Өткен жылы Стокгольм қаласында бас қосқан жасанды интеллекті жөніндегі халықаралық алқалы жиында 160-қа тарта компания өкілдері жасанды интеллекті технологиясы қолданылатын қару құрастырудан бас тартуды көздейтін құжатқа қолдарын қойған болатын. Осы құжат талабында адамның өмірін сақтап қалуды немесе жоюға қатысты дербес шешім қабылдайтын қаруды жасамауды, таратпауды, саудаламауды, т.б. қарастырылған. Насынаны өзі таңдайтын, онымен ұрысқа түсуді өзі шешетін қару тек жаудың емес, соны жасаған жақтың өзіне қауіп төндіреді. Қысқасы, күллі адамзатқа қауіпті қару ретінде танылды.

0 пікір
Мұрағат