Ашық дерек көздерінен кез келген адам туралы ақпарат жинайтын «сервис» ашылады
Ашық дерек көздерінен кез келген адам туралы ақпарат жинайтын «сервис» ашылады
3 жыл бұрын 2025 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресейде киберқылмыскерлерді іздеу үшін интернеттегі ашық дерек көздерінде қамтылған мәліметтерді сараптауға мүмкіндік беретін сервис әзірленіп жатыр. Бұл жайында islam.kz hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Соңғы жылдары алаяқтық әрекеттерден мезі болған ресейліктердің осы күйін ескерген «Автоматика» концерні «Ұлттық инжинирингтік корпорация» («Национальная инжиниринговая корпорация») және «Ти Хантер» компанияларымен бірігіп, хакерлерді жедел іздеуге арналған сервис ашуды көздеп отыр. Бұл бағыттағы бағдарламада OSINT (Open Source Intelligence) технологиясы, яғни, «ашық дерек көздері бойынша барлау, із кесу» тәсілі пайдаланылады. «Tи Хантера» ақпараттық талдау департаментінің жетекшісі  Игорь Бедеровтың айтуынша, мәселен, тергеуші күдіктінің e-mail адресін немесе телефон нөмірін жүктейді, ал бағдарлама өз кезегінде бұл фрагментті толып жатқан мәліметтермен (ІР-мекен-жайы, төлем жүйесіндегі ақпарат, жарнамалық сәйкестендіруші, қысқасы, 40-тан аса параметр қамтылған) салыстырады. Бағдарламадан шығу кезінде тергеушіге мәтіндік және графикалық түрдегі ақпараттың тұлғаға сәйкестігі туралы есеп келеді. Аталмыш сервис құқық қорғау ұйымдарының, ірі кммерциялық компаниялардың жұмысын жеңілдетеді. Алайда, аталмыш жүйе даркнет (DarkNet «Жасырын желі», «Қараңғы желі», «Көлеңкелі желі», «Қараңғы веб» деген атпен белгілі, ақпаратты жасырын жолмен беруге арналған ресурс. ) ресурсындағы мәліметтерді сараптай алмайды. Десе де сарапшылар бұл сервистегі мәліметтер қолды болып, сатылуы мүмкін екенін, керісінше қолды болса немесе сатылса, киберқылмыскерлерге дайын мәліметтер ретінде қызмет етуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.

0 пікір
Мұрағат