АСЕАН ислами қаржы индустриясы келесі жылы 1 трлн доллардан асады
АСЕАН ислами қаржы индустриясы келесі жылы 1 трлн доллардан асады
4 ай бұрын 1082 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. A street in Malaysia (Ravin Rau via Unsplash)

Оңтүстік-шығыс Азия аймағындағы он елдің (АСЕАН – Малайзия, Индонезия, Бруней, Сингапур, Тайлан, Филиппин, Вьетнам, Камбоджа, Лаос, Мьянма (бұрынғы Бирма) ислами қаржы индустриясы биыл 950 млрд долларға жетті. Fitch Ratings сарапшылары бұл көрсеткіштің келесі жылы 1 трлн долларжан асатынын алға тартып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Asian Banking & Finance ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл өңірдегі ислами қаржы негізінен осы өлкедегі үш мұсылман мемлекетінде, атап айтқанда, Малайзияда, Индонезияда және Брунеяда шоғырланған. Шектеулі мөлшерде қалған елдердің нарығында кездеседі. Осы аймақтағы үш мемлекет (Малайзия, Индонезия және Бруней) халқының дені мұсылман болғандықтан өңірлік нарықта көш бастаған. Бұдан бөлек, Парсы шығанағындағы араб елдерімен байланысы және сукукке қол жеткізу мүмкіндігі аталған үш мемлекеттің ислами қаржы нарығының дамуына ықпал еткен. Аймақтағы ислами қаржы индустриясы 1 трлн долларға жақындаса да АСЕАН-ның өзге елдерінде ислами қаржыға сұраныс аз және ислами қаржының дамуына серпін беруі тиіс құқықтық реттеу нормалары қарастырылмаған. Малайзия АСЕАН-дағы активтері шамамен 300 млрд доллар болатын ислам банкингінің ең ірі нарығы - исламдық қаржы 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының соңына қарай жүйелі қаржыландырудың жалпы көлемінің 42% -ын құраған. 2025 жылдың алғашқы төрт айында Индонезияның исламдық банкинг активтері 56 млрд долларға жеткен немесе банк жүйесінің жалпы көлемінің 7% -ын құрады. АСЕАН-дағы өтелмеген сукук мөлшері 475 млрд долларға немесе 2025 жылдың бірінші жарты жылдығының аяғында борыштық капитал нарығының (DCM) 16% -ына жетті, бұл ретте Малайзия мен Индонезияның үлесіне эмиссияның барлық көлемі дерлік тиесілі. Бұл екі ел бірге әлемдік сукук нарығының 47%-н құрайды. Сукук үлесіне Малайзияның борыштық капитал нарығының 59%-ы және Индонезияның 18%-ы тиесілі. ESG сукук та, сондай-ақ, осы екі елде шоғырланған. Бруней ислам банктері 10 млрд долларға жуық активтерге ие. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың соңындағы дерек бойынша банк активтерінің жалпы көлемінің 63% -ын құрайды. Филиппин ислам банкінің 20 миллион долларға жуық активі бар; 2025 жылғы 1-тоқсанның соңындағы мәлімет бойынша Таиландтың жалғыз ислам банкінің активтері 2,8 млрд долларға жеткен.

0 пікір
Мұрағат