Әртүрлі: Үндістанда 2 жастағы садақшы қыз рекорд орнатты (видео)
Әртүрлі: Үндістанда 2 жастағы садақшы қыз рекорд орнатты (видео)
10 жыл бұрын 5280

Сауд Арабиясының жас жігіттері сән қуа бастады. Талғаммен киіну осы заманғы сән үлгілерін талап етеді, алайда, ер жігіттердің сән қуғаны өзгелердің сынына ұшырады. Сын айтушылар сәнденіп киінуді ер адамдарға жараспайтынын алға тартып отыр. Мәселен, 22 жастағы саудиялық Әбед әл-Бади әл-Шаркауи есімді жігіттің айтуынша, сәнденіп киіну өзіне сенімділік дарытатынын алға тартып отыр. Тек киім үлгісінде ғана емес, сонымен қатар, жүзік тағуда да, аяқ киім таңдағанда да, көзілдірік кигенде де, сағат таққанда да сәннен қалмау керектігін тілге тиек етті. Ал саудиялық модельер Сираж Санат жігіттердің сән қуып киінуін жаһандасудың бір көрінісі ретінде бағалайды. Ол 16-18 жастағы бозбалалардың өзі ұнатқан кино жұлдыздарына еліктеп, солар сияқты киінуді қалайтынын жайып салды. 

 

Түсі көңіл-күйге орай өзгеретін туфли сатылымға шықпақ

Литвалық iShuu Technologies компаниясы Volvorii Timeless атты "ақылды" аяқ киімді ойлап тапты, оның ерекшелігі - туфли өз иесінің көңіл-күйіне орай түр-түсін өзгертіп отырады екен. Бұл жайында nur.kz ақпарт көзі хабар таратты.

Volvorii Timeless үлгісіндегі аяқ киім ақ-қара түсте тігілген. Оның беткі қабаты электронды сия технологиясы бойынша жасалған.
Соның көмегімен смартфон арқылы туфлиге түрлі ою-өрнекті таңдауға болады. Туфлиді смарфтонға "қосу"үшін Bluetooth байланысы пайдаланылады.
Аяқ киімнің табанына оның қорек көзі болып табылатын сымсыз модуль орнатылған, оның батареясының қуаты бірнеше күнге жетеді.
Құны 150-500$ доллар аралығында болады деп күтіліп отырған жаңа сипаттағы аяқ киім сатылымға 2015 жылдың желтоқсан айында түседі.

 

Николай Басков пиджактары үшін пәтер жалдады

Ресей әншісі Николай Басков өзінің пиджактар топтамасы үшін пәтер жалдады.

Вести-ге сілтеме жасаған Day.Az сайтының хабарлауынша, топтамаға аз дегенде 250 экспонат кіреді, соның ішінде әртіске модельер Вячеслав Зайцевтің тегін тігіп берген алғашқы концерттік пиджагы да бар. Әншінің бүкіл пиджактарын үйде сақтауға мүмкіндігі жоқ, сондықтан оларды бөлек пәтерге көшіруге тура келді. Топтама шамамен 25 миллион рубльге бағаланып отыр, деп хабарлайды Russian Showbiz.

 

Қателіктен 39 жылын түрмеде өткізген америкалық 1 млн доллар өтемақы алады

39 жыл бойы адам өлтірді деген айыппен түрмеге қамалған Огайо штатының тұрғыны мемлекеттік өтемақы ретінде 1 млн АҚШ долларын алатын болды.
Бұл туралы nur.kz ақпарат көзі The Independent баасылымына сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Биыл 59 жасқа келген Рикки Джексон мен тағы екі ер адам 1975 жылы адам өліміне қатысты деген айыппен сотталған болатын. Ол кезде Джексонның жасы 19-да еді. Қылмыстық іске қатысты тек бір ғана куәгер болған. Ол – 12-жасар бала. Алайда, 40 жылға жуық уақыт өткеннен кейін оның қылмыс жасалған уақытта мектеп автобусында болғаны анықталды, деп жазады газет тілшілері. Сондай-ақ, Джексонмен бірге сотталған екі кісі де бостандыққа шықты. Олар да өтемақы алуы мүмкін.

 

Үндістанда 2 жастағы садақшы қыз рекорд орнатты (видео)

Үндістанның оңтүстігіндегі Андхра-Прадеш штатындағы Виджьявада қаласының екі жасар тұрғыны Долли Шивани Черукури Үндістанның ең жас мергені ретінде танылды.
Садақ атудан өткен жарыста 2 жасар қыз алдымен 5 метрлік қашықтықтан 36 рет, кейін тағы 7 метр жерден оқ атып, нысанаға дөп тиген.
Ол жалпы саны бойынша 388 ұпай жинап, рекорд жаңартқан. Сондай-ақ, кішкентай қыздың бұл өнері Үндістандағы Рекордтар кітабына енді.

 

ЖАПОНДАР БІР-БІРІНЕ ӨТЕ ҚАЙЫРЫМДЫ

«Жас Алаш» республикалық басылымының хабарлауынша, жапондар – өте елгезек, қайырымды халық. Оны мынадан да көруге болады: 2014 жылы Токионың жоғалған заттар бюросына иелеріне табыс етілуі үшін 3,56 миллион зат тапсырылыпты. Бұл көрсеткіш өткен жылдарда да осы цифрдың ар жақ, бер жағында болған. Өткен жылы аталмыш бюроға жапондар 3,34 млрд йен (28 млн доллар) өткізіпті. Ең қомақты ақша (150000 доллардай) – лықа толған спорттық сөмкеден шығыпты. Жапонның астанасы Токиода ең көп жоғалатын нәрсе – қолшатыр. Полицияның дерегіне сүйенсек, бюроға бір жылда 330 000 қолшатыр тапсырылады екен. Тек оның 0,3 пайызы ғана өз иесін табатын көрінеді. Және бұл жерге ұялы телефондарды көп өткізеді. Жоғалғаан телефондардың 75 пайызы иелеріне қайтарылады. Себебі, оларды ұялы телефонның жадында сақталынған номер бойынша тез табады. Мұнымен қатар бұл жаққаа ұмытып кеткен шаңғы, мүгедек арбасы, ойыншықтар, балдақтар және тағы да басқа көптеген заттар өткізіледі. Егеер алты айдың ішінде табылған заттарды ііздеп біреу-міреу келмесе, онда бұлар қайырымдылық қорына өткізіледі.

0 пікір
Мұрағат