Әртүрлі: Қытайда 1 млн-ға жуық адам БАҚ-та қызмет етеді
Әртүрлі: Қытайда 1 млн-ға жуық адам БАҚ-та қызмет етеді
10 жыл бұрын 3558

 

Baq.kz сайтының хабарлауынша, Қытай халық республикасынд бұқаралық ақпарат құралдарында 1 млн.ға жуық адам қызмет етеді. Олардың 250 мыңға жуығы - кәсіби журналистер соның ішінде, 55,9 пайызы - ер адам. Бұл туралы бүкілқытайлық журналистер қауымдастығының Қытайдағы журналистика саласын дамыту туралы баяндамасында келтірілген. Қытай - газет шығарудан әлемде көшбасшы. Қауымдастық баяндамасына сүйенсек, елде 1 мың 915 басылым, 48,24 млрд. тиражбен шығады. Оған 44,036 млрд. юань (7,13 млрд доллар) жұмсалады. Қытайда 153 радиостанция, 166 телестанция, 42 ағартушылық бағыттағы телеарна, 2 207 телерадиостанциясы бар. Оларда 4 199 бағдарлама дайындалып, эфирге шығады, оның 2 863-і радио, 1 336 телерана бағдаралмасы.

 

АҚШ ғалымдары смартфонды 1 минутта қуаттандыратын технология ойлап тапты

Стэнфорд университетінің ғалымдары смартфон батареяларын 1 минут ішінде толық қуаттандыратын жаңа технология әзірленгендігін жария етті. Бұл жайында nur.kz сайты Би-Би-Си ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.
Ғалымдардың айтуынша, бұл аккумуляторлар бұған дейінгі қуаттандырғыштардан қауіпсіз, қоршаған ортаға да зияны жоқ. Жаңа технологияны барлық құрылғыларға, соның ішінде смартфондарды қуаттандыруға пайдалануға болады.
Алайда, мақала авторы Би-би-си агенттігінің тілшісі аталған жаңа технологияның адам өмірі үшін қауіпсіздігін әлі де анықтау қажеттігін жазған.

 

Бір төсекте ұйықтап жатқандарды екі бөлек уақытта оятатын құрылғы пайда болды

Wake деп аталатын оятқыш құрал бір төсекте ұйықтаған екі адамды олардың қалауынша екі бөлек уақытта оята алады.

Бұл ультрадыбыстың көмегімен іске асырылып, ұйқыда жатқан екінші адамды ешбір мазаламайды. Wake құрылғысы Wi-Fi арқылы смартфонға арналған қосымшамен байланысып, ол дәл оятылуы тиіс адамға сілтейді.
Әрі қарай гаджет оны дененің жылулық сәулеленуінен белгі беретін құрал арқылы тауып алады. Сол сәтте ұйқыда жатқан адамға қарай бағытталған ультрадыбыстық толқын жіберіледі.
Ол өте тар арнамен өткендіктен тек бір адамды ғана оятады. Оның бетіне ақ жарық диодты лампа түсіп, оянушы өзін неғұрлым табиғи ортада ұйқыдан тұрып жатқандай сезінеді екен.
Егер адам оянғанымен тұрмай, келесі бүйіріне ауысып жатса, Wake оны ізінен қалмастан қайтадан тұрғыза бастайды. Ол толығымен тұрып кетпейінше осылай бола береді.
Енді бұл құрылғыны өндірісте шығару үшін Kickstarter жобасына 100 мың доллар жинау керек. Барлығы ойдағыдай болса, оятқыш құрал қыркүйек айында тұтынушыға жол тартпақ.

0 пікір
Мұрағат