Архиепископтар дабыл қағуда
|
Тәуелсіз «NatCen» әлеуметтік институты жүргізген зерттеу нәтижесіне қарағанда, 2 млн-ға жуық британдық соңғы екі жылдың ішінде шіркеуге баруды қойған. Олар атеист болып кеткен немесе өзге дінге өткен, соның ішінде ислам дінін қабылдағандар да бар. 2012-2014 жылдар аралығында ағылшын шіркеуіне келетіндер саны 21%-дан 17%-ға құлдыраған. Бұл жайында ағылшындардың «The Daily Mail» ақпарат көзі хабар таратты. Осыған байланысты Кентербери архиепископы, лорд Кэри әріптестерін жамағатын жоғалтып алмау үшін күресуге шақырды. Айта кету керек, халықтың жалпы санына шаққанда мұсылмандардың қарасы 3,2 пайыздан 4,7 пайызға артқан, яғни, 1,5 млн адамнан 2,4 млн адамға дейін көбейген. Британдықтардың 49 пайызы дінге немқұрайды қарайтынын, ешбір дінге сенбейтінін жеткізген.