Аргентинада криптовалютамен келісімшарт орнатуға рұқсат берілді
Аргентинада криптовалютамен келісімшарт орнатуға рұқсат берілді
2 жыл бұрын 1116 inform.kz Балнұр Қожагелді. Фото: Pogiba Aleksandra / News.ru / Globallookpress.com

Аргентина Сыртқы істер министрі Диана Мондино Х желісіндегі парақшасында енді елде криптовалютамен келісімшарт орнатуға болатынын жазды, деп хабарлайды Kazinform. 

«Аргентинада биткойнмен, одан басқа да криптовалюта түрлерімен, келі ет немесе литр сүтпен келісімшарт жасасуға болады», - деп хабарлады Диана Мондино.

Оның сөзінше, қарыз алушы қарызын төлем түрі республикада заңды немесе заңсыз екеніне қарамастан көрсетілген валютамен қайтаруы керек.

Жақында ғана Аргентина ұлттық валюта екі есе құнсызданып, мемлекет шығыны қысқарғанын мәлімдеген болатын. Мақсаты – елге созылып кеткен дағдарыстан шығуға көмектесу.

Билік сондай-ақ министрліктер санын, энергетика және көлік субсидияларын қысқартып, мемлекет қаржыландыратын инфрақұрылымдық жобаларды тоқтатпақшы. Экономика және қаржы министрі бұл жоспарды жүзеге асыру қиынға соғатынын ескертті.

0 пікір
Мұрағат