Әрбір бесінші жұмысшы күші жұмыс орнында психологиялық, жыныстық немесе күш қолданудан зорлық-зомбылыққа ұшырайды – ХЕҰ
Әрбір бесінші жұмысшы күші жұмыс орнында психологиялық, жыныстық немесе күш қолданудан зорлық-зомбылыққа ұшырайды – ХЕҰ
2 жыл бұрын 1352 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бұл тарапта, әсіресе, мигрант әйелдердің құқығы жиі бұзылатынын алға тартып отыр Халықаралық еңбекті қорғау ұйымы. Бұл жайында islam.kz порталы forbes.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жұмыс орнындағы зорлық-зомбылық жұмысшының денсаулығына зиян келтіріп қоймай, еңбек өнімділігін төмендетіп қана қоймай, сонымен қатар, қоғамның дамуына да кесірін тигізетіні айтылған аталмыш ұйым баяндамасында. Оның үстіне, жұмысынан айырылып қаламын деген үрейге байланысты жұмыс орнындағы зорлық-зомбылық фактілерін әшкерелеу қиындық тудырады. Әсіресе, жыныстық бопсалаудан жиі зардап шегетін әйелдер мұндай фактінің орын алғанын жариялаудан ұялады. Жұмыс орнындағы зорлық-зомбылық жекеменшік секторда ғана емес, мемлекеттік мекемелерде де кеңінен кездеседі. Дәлірегі, экономиканың барлық саласында орын алып отырған фактор ретінде сипатталады. Дегенмен, жасырын сауалнама жүргізу жұмыс орнындағы заңсыздықта анықтауға мүмкіндік беретін ең тиімді тәсілдердің бірі болып қала береді. Халықаралық еңбекті қорғау ұйымының өкілдері бұл тәсілге жиі жүгінеді. ХЕҰ сарапшылары ерлерге қарағанда әйелдердің жұмыс орнында екі есе зорлық-зомбылыққа ұшырайтынын алға тартып отыр. Бұл бағыттағы деректер 2021 жылы әлемнің 121 елінде 75 мыңнан аса адамға жүргізілген сауалнама нәтижесінен алынған.

0 пікір
Мұрағат