Арабтардың компаниясы әлемдегі ең қымбат компания атанды
Арабтардың компаниясы әлемдегі ең қымбат компания атанды
3 жыл бұрын 1780 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Осы аптаның сәрсенбісінде әлемдегі ең қымбат компания атанған Apple-ні саудиялықтардың Saudi Aramco алмастырды. Бұл жайында islam.kz порталы golosislama.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Нақтырақ әрі тарқатып айтсақ, осы аптаның ортасында Saudi Aramco-ның акциялары өсті мұнай шикізаты бағасының артуына байланысты, ал әлемдегі ең алып технологиялық компанияның акциялары керісіеше құлдыраған. Әлемдегі аса ірі мұнай өндіруші Саудияның ұлттық мұнай-газ компаниясының құны 2,42 трлн долларға бағаланды. Ал Apple-нің бағасы керісінше соңғы айларда төмендеп, 2,37 трлн долларға бағаланды. Apple технологиялық компаниясы соңғы үш айда тұтынушылар тарапынан сұраныстың артқанына қарамастан акциялары құлдыраған еді. Apple компаниясының өкілдері Қытайдағы Covid-19 жұқпалы індетіне байланысты енгізілген оқшаулау әрі шектеу шараларынан жабдықтау тізбегінде орын алған проблемалар 4-8 млрд долларға дейін шығын шектіруі мүмкін екенін ескерткен болатын. Бұдан бөлек, өндіріске қажетті кремния тапшылығы да сұранысты қанағаттандыру деңгейіне кері әсерін тигізген. Пандемия кезінде артқан сұраныс өскен сайын операциялық әрі жалақы шығындары артып кеткен. Оқтын-оқтын стратегиялық маңызы зор нысандарды нысанаға алатын йемендік бүлікшілер кесірінен мұнай өндірісі уақытша тоқтаса да өткен жылы саудиялықтар таза пайданың 124 пайызға артқанын алға тартып отыр. «Жаһандық экономика Covid-19 пандемиясынан кейін қалпына келе бастаған тұста «Aramco»-ның таза кірісі 2020 жылғы 49,0 миллиард доллардан 124 пайызға өсіп, 2021 жылы 110,0 миллиард долларға жетті», - делінген компания мәлімдемесінде. Мұнай шикізатының аса ірі экспорттаушы Саудия билігі Ресейдің Украинаға басып кіруіне әрі Кремлдің басқыншылық саясатына қарсы салынған экономикалық оқшаулау мен санкциялардың әлемдік энергетика нарығында сілкініс туғызғандықтан мұнай өндірісін арттыруға мәжбүр болып отыр. Saudi Aramco компаниясының президенті әрі атқарушы директоры Әмін Насыр геосаяси жағдайларға байланысты компанияның болашағы бұлыңғыр екенін ескертіп отыр. Инфляция тұтынуды төмендетіп, мұнайға сұранысты тежей алады, ал технологиялық қорлардың акциялары  әлі де инвесторлардың компания шығындарына, пайыздық мөлшерлемелердің өсуіне және жабдықтау тізбегіндегі проблемаларға қатысты алаңдаушылығынан құлдырай бермек.

0 пікір
Мұрағат