Арабтар Орта Азияның фармацевтика нарығына Өзбекстан арқылы шығатын болды
Арабтар Орта Азияның фармацевтика нарығына Өзбекстан арқылы шығатын болды
2 жыл бұрын 1809 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Саудиялық «Жамжұм Фарма» фармацевтткалық компаниясы Өзбекстанның фармацевтика саласына 52 млн доллар инвестиция құятын болды. Бұл жайында islam.kz порталы Arab News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған фармацевтивкалық фирма жетекшісінің орынбасары Махмұд Жамжұм Өзбекстан арқылы Орта Азия нарығын бағындыруды көздейтіндерін жария етті. Осылайша Жидда қаласында өткен саудия-өзбек бизнес форумы Араб түбегі мен Орта Азия аймағының экономикалық байланысына тың  серпін беретін болды. Осы орайда арабтардың аталмыш фирмасының әлемде 30 елдің нарығында ойып тұрып өз орнын алғанын айта кетпекпіз. Бұл жоба өз кезегінде Орта Азиядағы бәсекелестікті арттырып, дәрі-дәрмек саласындағы монополияның ықпалын азайтуға септігін тигізеді. «Жамжұм Фарма» компаниясы Өзбекстанда ғана емес, сонымен қатар, Ауғанстан және Түркіменстанға да назар салып отыр.

0 пікір
Мұрағат