Арабтар киім тігудің экологиялық моделін қолданады
Арабтар киім тігудің экологиялық моделін қолданады
3 жыл бұрын 2284 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жыл сайын бірнеше тонна киім қоқысқа тасталады. Тозбай жатып, қоқысқа тасталатын киім екі жағдайда ысырапшылыққа ұрындырады: біріншісі – оның өндірісіне кеткен уақыт пен материалдық шығын, адам еңбегі, ресурс, әрбірден соң желге ұшқан қаржы. Екіншіден, қоқысқа тасталған киімнің қоршаған ортаға келетін зияны – бүгінде киімдердің дені синтетикалық материалдан тігілгендіктен қоршаған ортаны ластау қатері жоғары. Саудияда тоқыма өнері дамыған, алайда, жыл сайын бірнеше тонна киім қоқысқа тасталатындықтан аталған араб елінде қоршаған ортаға келетін залалдың алдын алу үшін киімді залалсыздандыратын Kiswa қызметі жұмыс істейді. Kiswa жұмысшылары қоқысқа тасталған киімдерді жинаумен, сұрыптаумен, қажетке жарайтындарын түрлі қайырымдылық қорлары мен қауымдастықтарға, ал бүлінгендерін киім және тоқыма фабрикаларына жеткізумен айналысады. Бұл жайында islam.kz порталы Arab News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Киімдерді жинап болған соң сұрыпталады, көп киілмеген немесе жаңа киімдер залалсыздандырылып, мұқтаж жандарға таратылады. Ал киюге келмейтіндерді материалына, түсіне, тұрпатына қарай іріктеп, киім және тоқыма өнеркәсібіне жөнелтіледі. Онда киімдер талшыққа айналдырылып, жаңа киім тігіледі. Мұның артықшылығы – шикізатты өндіруден жіп өндіруге дейінгі өндірістік кезеңге тән шығын болмайды. «Соңғы уақытта біз түрлі дизайндермен жұмыс істеуге көштік. Соның ішінде экологиялық сән киім үлгілерін жасайтын жергілікті модельермен бірге жұмыс істейміз. Экологиялық сән киімдерін тұтынушы ұнатып сатып алуы үшін оның дизайнын қолға аламыз. Одан түскен табыстың барлығы ұйымның қызметін қолдауға кетеді»,- деп түсіндірді Kiswa бас директоры Дания әл-Майна. 

0 пікір
Мұрағат