Арабияда машина жүрмейтін сызық қала салынады (видео)
Арабияда машина жүрмейтін сызық қала салынады (видео)
4 жыл бұрын 7253 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Саудияның тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман ұзындығы 161 шақырымға жететін, тек бір көшеден тұратын, яғни, тігінен салынатын қала соғу жоспарын бөлісті. Бұл жайында islam.kz порталы саудиялық бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме асай отырып мәлім етеді. Ол бұл жайында видеомен бірелген аталмыш жобаның тұсаукесерінде айтты. Араб жерінде тұрғызылатын ерекше қала құрылысы биылдан қалмай, дәлірегі, бірінші тоқсаннан бастап қолға алынады. The Line (Сызық) деп аталатын қала аталған елдің солтүстік-батысында, Қызыл теңіз жағалауында бой көтереді. The Line қаласы тақ мұрагерінің тікелей пәрменімен жүзеге асырылатын әрі қыруар қаржы (500 млрд доллар) жұмсалатын, болашақтың қаласы атанатын Neom мегажобасының бір бөлігі ретінде қолға алынады. Аталған қала жаңғыртпалы энергия көздерінен өндірілген электр энергиясымен қамтамасыз етіледі. Қызмет көрсетудің барлық саласы автоматтандырылады. The Line өзара байланысты қалалық модулдер тұрады: тұрғындар өмірге қажетті негізгі нысандардан ары кетсе бес минуттық қашықтықта орналасады. Ең басты ерекшелігі – жоғарыда айтып өткеніміздей, қаланың өзінде де, үстімен де машина қатынамайды. Инфрақұрылым жер астына жасырылады: жасанды зерде басқаратын, жылдамдығы жоғары көлік құралдары осы жер астында қатынайды. The Line тұрғындарын 1 миллионнан асырмау көзделіп отыр. 160 шақырымға созылып жатқан қаланың ана басынан мына шетіне жетуге 25 минут уақыт кететін болады. Сызықты қала концепциясын испандық урбанист Арутро Сориа-и-Мата хх ғасырдың бас кезінде сипаттап кеткен еді.

0 пікір
Мұрағат