Араб мемлекеттері лигасының бас хатшысы бүкіл арабтық қарулы күштерді құруға қатысты мәлімдеме жасады
Араб мемлекеттері лигасының бас хатшысы бүкіл арабтық қарулы күштерді құруға қатысты мәлімдеме жасады
7 жыл бұрын 5493 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Араб елдері лигасының бас хатшысы Ахмет Әбілгейт «Коммерсантъ» мерзімді басылымына берген сұхбатында бүкіл арабтық қарулы күштердің құрылуы әзірге мүмкін еместігін мәлімдеді. Өйткені, оның айтуынша, бұған араб елдері арасындағы аймақтық держава болуға ұмтылған амбициялары, басқа да саяси және экономикалық мүдделері жол бермейді. Естеріңізге сала кетейік, АҚШ президенті Сауд Арабиясына сапарында НАТО секілді араб елдерінің қарулы күштерін құруға шақырған болатын. Иранға қарсы күш ретінде. Десе де бұл бастаманы мысыр билігі көтерген еді. Сондай-ақ, арабтардың аталмыш ұйымының жетекшісі арабтардың ортақ қарулы күштері құрыла қалған жағдайда, ол сүнниттік бағытта бола ма деген сауалға басқаша жауап қайтарды. "Мен мұндай сауалды ақылға қонымсыз деп есептеймін. Араб елдерінің барлық әскері ең алдымен ұлттық әскер болып табылады. Егер қандай да бір ұлттық әскер біріккен қарулы күштердің жобасына қатысатын болса, ол бүкіл арабтың мүддесіне қызмет етуі тиіс",- деді ол. 

0 пікір
Мұрағат