Араб жерінде тұңғыш рет какао өсірілді
Араб жерінде тұңғыш рет какао өсірілді
4 жыл бұрын 2628 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Саудиялық бағбандар ел тарихында тұңғыш рет өсірілген тропикалық өсімдіктен өнім алды, дәлірегі, какао жиын-терінін бастады. Бұл жайында islam.kz порталы ArabNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.  Биыл Жазан аймағында егілген филиппиндік 200 какао ағашы жеміс салған еді. Жазанның таулы аудандарын дамыту жөніндегі департамент жетекшісі Бандар әл-Фифидің айтуынша, какао – Оңтүстік Америка және Азия шығысында өсетін тропикалық және субтропикалық өсімдік. Саудия топырағына тәжірибе ретінде отырғызылғанымен жергілікті климатқа бейімделіп, жеміс салған. Климаты қатал әрі аптап ыстықтан ауыл шаруашылық өсімдіктерінің көбісі өспейтін араб жерінде какаоның жеміс салып, өнім бергені аталған ел үшін қосымша табыс көзіне айналады.  Саудия аумағында, сондай-ақ, банан, манго және гуаву секілді тропикалық өсімдіктер де жерсінгенін айта кету керек. Жергілікті шаруалар мен фермерлер осылайша қосымша табыс әкелетін өсімдік түрлерін  өсіруді қолға алып жатыр.

0 пікір
Мұрағат