Араб елінің халқы қартайып барады
Араб елінің халқы қартайып барады
1 сағат бұрын 34 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Марокко аса ірі демографиялық өзгерістермен бетпе-бет келетін болады. Бұл жайында islam.kz порталы Morocco News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Адамды дамыту жөніндегі ұлттық обсерваторияның таяудағы зерттеу нәтижесіне сәйкес демографиялық ахуалға байланысты алдағы он жылда аталған араб елінің экономикасы мен жұмысшы күші де өзгеретін болады. 2024 жылғы халық санағының есебінде айтылғандай, елдегі туу көрсеткіші төмендеп келеді, бұдан бөлек, өмір сүру ұзақтығы артып, қарттар қарасы көөбейе береді. Орың үстіне, отбасылық және қалалық құрылымның өзгеруі де демографиялық ахуалға кері әсерін тигізеді. Марокко халқының 60 жастан асқан үлесі 2014 жылғы 9,4% -дан 2024 жылы 13,8% -ға дейін өсті, ал жастар қарасы қазіргі уақытта 28,2% -бен салыстырғанда 26,5% -ға төмендеген. Бұл фактор жұмысшы күшіне деген зәрулікті арттырады. Бұған қоса, қолданыстағы еңбек заңдары егде адамдарды жұмыстан ығыстырады. Касабланка, Таңжер, Рабат, Марракеш, Фес және Ағадыр сияқты қалалық аудандар жұмыс орындарының, бизнес-мүмкіндіктердің және инфрақұрылымның арқасында жылдам өсуде. Ауылдық аймақтар баяу кеңейіп, климат дағдарысымен бетпе-бет келеді, соның ішінде құрғақшылық пен су тасқыны қалалық жерлерге көші-қонды жеделдетеді. Шағын отбасылардағы адам саны орта есеппен 3,9 жаннан аспайтын болған және жалғызбасты адамдардың өсуі, әсіресеегде адамдар мен әйелдер арасындағы жалғызбасты жандардың көбеюі әлеуметтік және медициналық қажеттіліктерді тудырады, соған байланысты қарттар күтіміне кететін шығын ұлғайып, мемлекет қазынасына ауыртпалық түсіреді.

0 пікір
Мұрағат