Араб еліндегі ауызашар Гиннес рекордтар кітабына енуі мүмкін
Араб еліндегі ауызашар Гиннес рекордтар кітабына енуі мүмкін
22 күн бұрын 279 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ливан астанасында 5700-ден аса адам қатысқан аса ауқымды ауызашар ұйымдастырылды. Бұл жайында Islam.kz порталы өз кезегінде An-Nahar ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл ауызашардың ауқымдылығы сонша – Гиннес рекордтар кітабына еніп, тарихта қалуы мүмкін. Елдің түкпір-түкпірінен, әр аймақтан жиналған жасы бар, жасамысы бар, түрлі әлеуметтік топтағы адамдар қатысқан ауызашар Ливан премьер-министрі Науап Сәламнің мұрындық болуымен Бейрут қаласының жағалау ауданындағы «Биел» көрме залында  өтті. Бұл ауызашарда кімдер болмады дейсіз – ливандық және палестиналық жетім қалған балалардан бастап, мектеп оқушылары мен жоғарғы оқу орнының студенттерінен жасақталған волонтерлер, қоғамдық ұйым өкілдері, т.б. болды. Бұл ауызашар қасиетті Рамазан айындағы қайырымдылықққа, ынтымақ пен береке-бірлікке бастайтын ең ірі шара ретінде есте қалатын болды. Осы ауызашар арқылы тек жамағаттың қана емес, сонымен қатар, қоғам мүшелерінің арасындағы әлеуметтік байланысты арттырып, ұлтты ұйытуды көздейді.

0 пікір
Мұрағат