Араб елінде қоқысты өңдеп энергияға айналдыратын зауыт ашылды
Араб елінде қоқысты өңдеп энергияға айналдыратын зауыт ашылды
1 жыл бұрын 1485 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: elements.envato.com. Автор: seventyfourimages

Дубайда әлем бойынша теңдесі жоқ кәсіпорын ашылды. Дәлірегі, қоқысты өңдеп, энергияға айналдыратын зауыт өз жұмысын бастады. Бұл жайында islam.kz порталы Islam-Today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осынау айтулы оқиғаға орай Біріккен Араб Әмірлігінің атқарушы кеңесінің жетекшісі Хамдан бен Мұхаммед бен Рашид әл Мақтұм Twitter әлеуметтік желісінде «Мен Барсан қаласында құны 4 миллиард дирхам (шамамен 1,08 миллиард доллар – ред.) болатын әлемдегі ең үлкен және ең тиімді жолмен қоқысты энергияға айналдыратын зауыттың ашылу салтанатына қатыстым», - деп жазды. Дубай тақ мұрагерінің айтуынша, зауыт сағатына 220 МВт электр энергиясын өндіре алды, бұл энергия мөлшері 135 000 тұрғын үйді энергиямен қамтамасыз етуге жетеді. «Кәсіпорын жылына 2 миллион тонна қалдықты қоршаған ортаға зиянсыз жолмен өңдей алады», - деп мәлімдеді Хамдан бен Мұхаммед бин Рашид әл Мақтұм. 2021 жылы БАӘ 2050 жылға қарай елді көміртектен ада елге айналдыру көзделген Net Zero 2050 стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыра бастады. Бұл бастама таза энергия көздерін енгізуге бағытталған.

0 пікір
Мұрағат