Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...
1 сағат бұрын 36 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Марокконың жоспарлау жөніндегі жоғарғы комиссары қалалық және ауылдық жерлердегі мүмкіндікігі шектеулі жандардың қарасы мен тұрмыс жағдайының арасында елеулі айырмашылық барын анықтады. 2024 жылы жүргізілген ұлттық санақ деректеріне негізделген таяудағы зерттеу мәліметтері бойынша. Бұл жайында islam.kz порталы Morocco News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі ауылдық жерлердегі мүгедектер қарасының  айтарлықтай өскенін көрсетіп берді - 761 000 адам, бұл крсеткіш ел бойынша жалпы санақтың 43,9% -ын құрайды, яғни, бұл көрсеткіш 2014 жылғы санақпен салыстырғанда 4,8% -ға көп. Ауылдық жерлердегі ерекше қажеттілігі бар адамдардың статистикалық деңгейі 5,6% -ды құрайды, бұл көрсеткіш қалалық жерлерде тіркелген 4,2% -дан әжептәуір жоғары. Қарттар арасындағы көрсеткіштен де айырмашылық ерекше байқалады: мүгедектік деңгейі ауылдық аудандарда қалалық жерлердегі 16,1% -ға қарағанда 22,8% -ды құраған. Мұндай алшақтығы бірден “көзге ұратын”айырмашылықтың түп-төркіні ауылдық жерлердегі демографиялық, медициналық және экологиялық факторларда жатуы мүмкін. Ауылдық аудандардағы дер кезінде емделмеуден немесе денсаулығына жауапкершілікпен қарамаудан болатын созылмалы аурулар мен эпидемиологиялық өзгерiстер - негiзгi себептердiң бiрi. Дертте ерте бастан анықтауға және профилактикалық, яғни, аурудың алдын алуға қажетті жәрдемнің болмауы, сондай-ақ, шалғай аудандарда диагностиканың кешігуі ем-домның тиімділігін төмендетеді және науқасты жарымжан адамға айналдыру  қаупін арттырады. Есепте айтылғандай, ауылдық аудандардағы мүгедектігі бар адамдардың 4% медициналық көмекті мүлдем алмайды. Жас құрылымы да негізгі рөл атқарады. Ауылдық аудандарда егде жастағы тұрғындардың үлесі жоғары, мұндай ахуал да мамандандырылған (арнайы) көмек болмаған кезде мүгедектік деңгейінің өсуіне ықпал етеді. Экологиялық ахуал және тұрғын үй жағдайлары мәселені одан ары шиеленiстiредi. Осы санаттағы ауылдық үй шаруашылықтарының тек 50,3% -ы ғана су құбырына қол жеткізе алады, ал тек 7,1% -ы ғана қоғамдық санитария жүйелеріне қосылған. Базалық инфрақұрылымның жоқтығы мүгедектікке әкелуі мүмкін аурулар қаупін арттырады. Ең қажетті инфрақұрылымның болмауы да өзіне-өзі күтім жасауды қиындатады. Бұдан бөлек, аталмыш зерттеу білім берудегі елеулі алшақтықты көрсетеді. Ауылдық аудандардағы сауаттылық деңгейі қала орталықтарындағы 45,1% -бен салыстырғанда 23% -дан аспайды. Бұл әлеуметтік оқшаулауға ықпал етеді және профилактикалық медициналық ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігін шектейді. Экономикалық және цифрлық майданда ауылдық аудандарда мүгедектігі бар адамдар толық технологиялық оқшаулануға тап болған, дәлірегі, замануи технология игіліктерінен мақұрым қалған. Тек 9,3% ғана интернетті пайдаланады. Экономикалық белсенділігі негізінен өзін-өзі жұмыспен қамтумен шектеледі, дәлірегі, ауылдық жердегі белсенділіктің 40,4% -ын құрайды.

0 пікір
Мұрағат