Араб елінде киберқылмысқа қандай жаза қарастырылған
Араб елінде киберқылмысқа қандай жаза қарастырылған
3 жыл бұрын 1716 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірлігінің бас прокуратурасы бөгде біреудің атынан электронды пошта, веб-сайты және әлеуметтік желіде парақша ашқан адамды қандай жаза күтіп тұрғанын ескертті. Бұл жайында islam.kz порталы Khaleej Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мәселен, қауесетпен және киберқылмыспен күрес туралы 2021 жылы қабылданған № 34 федералды декрет-заң бабы бойынша мұндай қылмысқа барған жеке және заңды тұлғаларға 50 мыңнан 200 мыңға дейін дирхам (аталған елдің ұлттық валютасы) мөлшерінде сот үкімімен айыппұл салынады немесе белгілі бір мерзімге абақтыға жабылады. Дәлірегі, кибер кеңістіктегі мұндай әрекетімен құқық бұзған айыпталушы кем дегенде екі жылға бас бостандығынан айырылады. Соның ішінде, өзге адамның электронды поштасын, веб-сайтын немесе әлеуметтік желідегі парақшасын арам мақсатына пайдаланғаны немесе пайдалануға бергені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Ал қандай да бір ұйым немесе мекеме секілді заңды тұлғаларға салынатын айыппұл мөлшері 200 мыңнан 2 млн дирхамға дейін жетеді я болмаса бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Аалған араб елінде заң талаптарын тұрғындар мен ел аумағындағы шетелдік тұлғалардың есіне жиі салып отырады, осылайша құқық бұзудың алдын алуды мақсат етеді.

0 пікір
Мұрағат