Араб елінде «Индонезия имамдары» бағдарламасы басталды
Араб елінде «Индонезия имамдары» бағдарламасы басталды
3 жыл бұрын 1188 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірлігіне аталған ел мешіттерінде қызмет ету үшін іріктелген индонезиялық имамдардың алғашқы тобы келді. Бұл жайында islam.kz порталы The National ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы жылдың наурыз айында БАӘ-нің ислам істері жөніндегі бас басқармасы Индонезияда имамдардың кешенді іріктеуін өткізген болатын. Бұл процедурадан 28 имам өте алған, әзірге араб жеріне 15 имам келген, қалған 8 имам қараша айының орта шенінде келмек. БАӘ-нің діни басқармасы болашақта 200 индонезиялық имамды елге әкелуді көздеп отыр. Индонезиялық имамдар Әбу-Даби, Рас әл-Хайма, т.б. әмірліктердегі мешіттерде жұмыс істейтін болады. Аталмыш бағдарлама Әбу-Дабидің мұрагер ханзадасы, шейх Мұхамммед бин Зайедтің бастамасы бойынша қабылданған еді. Бұл бағдарламаның қабылдануына Индонезия президенті Джоко Уидододаның да қатысы бар. "Индонезиялық иммадар исламның аталған араб елінде қалай көрініс тапқанына куә болады»,- деп түсіндірді аталған араб еліндегі Индонезия елшісі Һусин Бағыс бұл бағдарламаның түпкі мақсаты мен маңызын. Әріптестік негізде өзара тәжірибе алмасу өз кезегінде әр елдегі жергілікті халықтың дін құндылықтарын қалай игеріп, жүзеге асырып жатқанын білуге мүмкіндік бермек. Мұндай бастама өзге де мұсылман елдерін жақындатып, жаһандану дәуірінің мәдени аспектісін байытары сөзсіз.

0 пікір
Мұрағат