Араб елінде ғарыш соты пайда болады
Араб елінде ғарыш соты пайда болады
4 жыл бұрын 2368 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Дубай қаласында ғарышты игерумен байланысты пайда болған талас-тартыс пен дау-дамайды реттейтін мамандандырылған сот пайда болады. Бұл жайында islam.kz порталы Arab News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш бастаманы Дубайдағы халықаралық қаржы орталығы (DIFC)  мен Дубайдың болашақ қоры көтеріп отыр. Бұл бастаманы жүзеге асыру үшін мемлекеттік және жекеменшік секторлардан сарапшылардың халықаралық жұмысшы тобы құрылады. Олар ғарыш заңнамасы мен дау-дамайды шешу процедурасын әзірлейтін болады. Бұдан бөлек, сот төрағаларын осы сала бойынша оқытады. Соның ішінде, ғарышты игерумен айналысатын жекеменшік компаниялардың спутниктерді сатып алу мен пайдалануға, жер орбитасындағы ықтимал қақтығысқа қатысты талас-тартысты шешетін болады. Біріккен Араб Әмірлігі неліктен мұндай қадамға барып отыр? Өздеріңіз білесіздер, аталған ел араб әліменде тұңғыш рет ғарышқа қол созып, адам ұшырды. Ғарышты игерудің қыруар пайдасы бар – байланыстан бастап, метеорологиялық ахуалды бақылау, ел қауіпсіздігі мен елдің түрлі саласы бойынша мониторинг жүргізуге дейінгі қызметті қамтитын ғарыш саласын дамыту өз кезегінде геосаясатта айбынын асыра алады. Өздеріңіз білетіндей, БАӘ ғарыш саласын игеру арқылы ғарыштық держава атанып, ірі ойыншыға айналып келеді. Өткен жылы (2020 ж.) БАӘ Марсқа «Үміт» деп аталатын, бірнеше күннен кейін қызыл планетаға жетуі тиіс зондты ұшырды.  Бұрын тек мемлекет қана үзеге асыратын ғарыштық жобаларды бүгінгі таңда жекеменшік компаниялар да қолға алып жатыр. Бір ғана Илон Масктың ғарышты игеруге қатысты жобаларының өзі адамзатты тарихтың жаңа белесіне алып шықты. Сөз соңында ғарыштық құқық халықаралық конвенциялар мен қарарлармен, соның ішінде Біріккен Ұлттар ұйымының 1967 жылы күшіне енген ғарыш жөніндегі келісім-шарты негізінде реттеледі.

0 пікір
Мұрағат