Араб елінде ас қалдығын қоқысқа тастағандарға айыппұл салынады
Араб елінде ас қалдығын қоқысқа тастағандарға айыппұл салынады
1 жыл бұрын 1023 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірлігінің билігі тағамды ысырап еткендермен күресті күшейтпек, дәлірегі, тұрмыстық ас қалдықтарын қоқысқа тастайтындарға айыппұл салуды көздеп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы russianemirates.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сарапшылар аталған араб елінің тұрғындары жылына 6 млрд дирхамның тамақ өнімдерін қоқысқа тастайтынын алға тартып отыр. 2020 жылғы Азық-түлік тұрақтылығы индексіне сәйкес БАӘ-нің әрбір тұрғыны жылына орта есеппен 224 келі азық-түлікті ысырап етеді, бұл көрсеткіш Еуропа мен Солтүстік Америкадағы көрсеткіштен екі есе дерлік жоғары. Өздеріңіз білетіндей, БАӘ 2030 жылға қарай азық-түлік қалдықтарын 50%-ға азайтудың жалпы ұлттық жоспарын әзірледі. Кең ауқымды стратегия азық-түлік ысырапшылдығына қатысты қоғамның әдетін өзгертуге, сондай-ақ, мемлекеттік және жеке секторларда неғұрлым тұрақты және экологиялық таза тәжірибені дамытуға бағытталған. Бүгінде күллі әлем бойынша қоқысқа тасталатын ас қалдығы екі млрд адамды тамақтандыруға жетеді.

0 пікір
Мұрағат