Араб елінде адам аңдуға қылмыстық жауапкершілік енгізді
|
Біріккен Араб Әмірліктерінің билігі ерлі-зайыптылардың бір-бірінің және отбасы мүшелерінің қайда жүргенін заңсыз аңду жүргізген тұлғалардың қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті. Бұл жайында islam.kz порталы The National ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әбу-Дабидің сот департаменті адамдарды қадағалау немесе тыңшылық үшін GPS трекерлерін пайдаланудың заңға қайшы келітінін ескертті, яғни, аңдуды да адамдардың жеке өміріне қол сұғумен бірдей әрекет. Заңгерлер соңғы уақытта қалта телефондарына адамдарды аңдуға арналған қосымшалар орнатқандар қарасының көбейгенін атап өтті. Мұндай әрекетке барған адам киберқылмыс заңында қарастырылған талаптарды бұзғандықтан, кем дегенде алты ай абақтыға жабылады немесе 500 000 дирхамға дейін айыппұл салынады. Жергілікті заң талаптары бойынша GPS бақылау құрылғыларын тек тіркелген коммерциялық көліктерде пайдалануға болады, ал жеке тұлғаларға өз көліктеріне GPS трекерлерін сатып алуға немесе орнатуға тыйым салынады.