Араб елі ысырапшылдықтың ең «ауыр түрінен» бас тартуда
Араб елі ысырапшылдықтың ең «ауыр түрінен» бас тартуда
7 ай бұрын 2101 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ысырапшылдықтың барлық түрі ауыр. Дегенмен, бұл арада тұтынушылық мәдениет турасында сөз болып отыр: Біріккен Араб Әмірлігінің тұрғындары үнемшілдікке, қоршаған ортаны қорғауға бастайтын жақсы әдет қалыптастырып келеді. Бұл жайында islam.kz порталы Campaign Middle East ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Toluna деп аталатын нарықты зерттеу және тұтынушыларға түсінік беру тобы анықтағандай, тұтынушылар азық-түлік пен жеке күтім және тазалық өнімдерін қоса алғанда өмір сүруге ең қажетті заттар мен бұйымдарға басымдық береді. Мәселен, респонденттердің, яғни, бұл бағыттағы сауалнамаға қатысқандардың 35%-ы сәнді тауарлар мен қызметтерді тұтынуды азайтқан, 27%-ы мейрамханалар мен барларға жұмсалатын шығындарды қысқартты, тағы 34%-ы үйден тағамға аз тапсырыс бере бастады. Өз кезегінде азық-түлікке кететін шығында 56%-ға, жеке күтім өнімдеріне жұмсалатын шығынды 49%-ға арттырған. Араб тұтынушыларының мұндай қадамға баруы аймақтағы өмір сүру құнының өсуімен түсіндіріледі. Аталған араб елі тұрғындары брендтік тауарлардан біртіндеп бас тартып жатыр. ServiceNow компаниясының бұл тараптағы зерттеуі әлемнің 13 елін қамтыған екен (жалпы саны 18 мыңнан асады), соның ішінде БАӘ тұрғындары да сауалнамаға тартылған. Нәтижесінде араб тұрғындарының 1000-нан аса респондетінің 85%ы брендке деген қызығушылығы төмендегінін жеткізген. Ал 91%-ы қызмет көрсету сапасына байланысты брендтен бас тартқан. 40%-ы арзан тауарларға басымдық берген.

0 пікір
Мұрағат