Араб елі виртуалды туризмнің орталығына айналуы мүмкін
Араб елі виртуалды туризмнің орталығына айналуы мүмкін
9 ай бұрын 771 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірлігінің қауіпсіздік, мәдени интеграция, денсаулық, капитал, т.б. салалар бойынша әлемдік рейтингтегі жоғары көрсеткіші мен сұраныстың өсуі және өзге де факторлар аталған елді жаһандық виртуалды туризм орталығына айналдыруы мүмкін. Бұған жасанды зерде мен өзге де озық технологиялар негізінде аталған елдің кескін-келбетін әлемге таныту іс-шаралары да ықпал етпек. Бұл жайында islam.kz порталы businessemirates.ae ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Болжамға сәйкес 2025 жылға дейін метаәлемнің ғаламдық нарығы 3,26 млрд долларға жетуі мүмкін. Мұндай қызметтерге сұраныстың артуы өз кезегінде нарыққа туризмнің осы секторының мүмкіндіктері мен әлеуетін пайдалануға ұмтылатын жаңа ойыншылар пайда болады, яғни, инвестиция молынан құйылады, ал бұл тренд «виртуалды туризм» ландшафтының шұғыл өзгеруіне ықпал етпек. Қазіргі уақытта аталмыш секторда Matterport, Dubai360 және 360 Emirates сияқты ойыншылардың бәсі басым, олар Әбу-Даби қаласындағы  Луврды (көрмені) виртуалды туры және Dubai360 интерактивті туры сияқты тартымды пакеттерді ұсынып отыр, бұл пакеттер әлемнің кез келген түкпірінен пайдаланушыларға Palm Jumeirah және Burj Al Arab сияқты Дубайдың түрлі көрікті әрі көрнекі жерлерін виртуалды түрде тамашалауға мүмкіндік береді. «Виртуалды туризм» пайдаланушыларға шынайы әлемде саяхаттамай-ақ көрікті жерлер мен мәдени орындарды зерттеуге мүмкіндік беретін виртуалды саяхат тәжірибесін қамтамасыз ету үшін VR (виртуалды шындық), AR (толықтырылған шындық) және аралас шындық сияқты метаверсті және технологияларды пайдаланады. «Виртуалды туризм» секторы ұсынатын қызметтер БАӘ қазынасына 2031 жылға қарай 125 миллиард АҚШ доллары (450 миллиард дирхам) туристік табыс түсіреді. Allied Market Research мәліметі бойынша әлемдік виртуалды туризм нарығы 2030 жылға қарай 6,5 миллиард АҚШ доллары көлемінде кіріс әкеледі және БАӘ бұл кірістің елеулі бөлігіне қол жеткізеді. LandVault компаниясының бас директоры, БАӘ-де жетекші виртуалды технология әзірлеушісі Самуэл Хубердің айтуынша, метаәлем индустриясы БАӘ-ге жыл сайын 16,7 млрд доллар табыс әкелмек, ал 2025 жылға қарай метаәлем индустриясы Таяу Шығыс аймағы мен Африканың солтүстігін жайлаған елдердің жылпы ішкі өнімін 50 млрд долларға арттырады.

0 пікір
Мұрағат