Араб елі кошерлік (еврейлер тұтынатын) тағамдарға сертификат беруге көшті
Араб елі кошерлік (еврейлер тұтынатын) тағамдарға сертификат беруге көшті
4 жыл бұрын 2577 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Туризмнен бастап, өндіріске дейін барлық салада, толыққанды, жан-жақты қарым-қатынас орнатқан Біріккен Араб Әмірлігі мен Израилдің интеграциялық процесі қарқын алып келеді. Дипломатиялық, саяси, экономикалық, т.б. салалар бойынша екі елдің аймақтық әрі мемлекетаралық қатынасын реттейтін құжаттарға қол қойылып, мөр басылып жатыр. Таяуда ғана алыс-беріс пен барыс-келісті жандандыру үшін екі ел де бір-біріне есігін айқара ашып, визасыз режим орнататын құжатқа қолдарын қойды. Мұнымен ғана шектеліп қалмай Әбу-Даби әмірлігінің мәдениет және туризм департаменті қонақ үйлердің мейрамханаларына израилдік туристер үшін кошерлік сертификат бере бастайды. Бұл жайында islam.kz порталы The National ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.  Осылайша аталған араб елінің мейманханалары 12 айға, яғни, бір жылға тегін сертификатқа ие болады. Ол үшін мейманханадағы мейрамханаларда кошерлік тағамдар дайындайтын арнайы орын мен иудалық ас мәзірін әзірлеуге арналған ереже - кашрут талаптары сақталуы тиіс. 

0 пікір
Мұрағат