Араб елі жұма намазы мен уағызының уақытын қысқартады
Араб елі жұма намазы мен уағызының уақытын қысқартады
5 ай бұрын 800 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірліктерінде аптап ыстыққа байланысты жұма уағызы мен намазының уақыты қысқарады. Дәлірегі, ислам істері, уақып және зекет жөніндегі бас басқармасы жұма күнгі діни жөн-жоралғылардың ұзақтығын кем дегенде 10 минутқа қысқарту туралы ұсыныс жасаған болатын. Бұл жайында islam.kz порталы Gulf News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. БАӘ-ның мұндай шараға аптап ыстыққа байланысты амалсыздың күнінен барып отыр, соның ішінде жамағаттың денсаулығы мен қауіпсіздігі ескерілді. Осы орайда аталған араб елінің ұлттық метеорология орталығының мәліметін келтіре кеткенді жөн көріп отырмыз: БАӘ-де жазда күндізгі температура 40 градус шамасында, кейде 50 градусқа дейін көтеріледі.  Биыл Парсы аймағындағы температура рекордтық деңгейге жетіп, Сауд Арабиясындағы қажылық кезінде 1301 адам қаза тапты.

0 пікір
Мұрағат