Араб елі жат «құндылықпен» күресті күшейтеді
Араб елі жат «құндылықпен» күресті күшейтеді
3 жыл бұрын 1775 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Саудия билігі гомосексуализммен күрес аясында ел астанасындағы сауда орындарындағы бір жыныстылар қатынасын насихаттайтын немесе еске түсіретін белгілерді, дәлірегі, ЛГТБ символына айналған кемпірқосақ түспен боялған ойыншықтар мен киімдерді тәркілеп жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы Middle East Eye ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «әл-Еһбария» мемлекеттік жаңалықтар арнасында айтылғандай, Саудияның сауда-саттық министрлігінің қызметкерлері ислам құндылықтарына қайшы, қоғамға қауіпті ЛГТБ белгілері бар тауарлар тәркіленген. Саудия билігі мұндай шараға сексуалды азшылық өкілдері бейнеленген фильмге тыйым салғаннан кейін кіріскен. The Hollywood Reporter дерек көзінің хабарына қарағанда, Саудия бастаған бірқатар мұсылман елі «Доктор Стрэндж» деп аталатын фильмді эфирден көрсетуге тыйым салған. Осы орайда 2020 жылы Сауд Арабиясы сотының Йемен азаматын «ЛГБТ құқықтарын» қолдайтын интернеттегі бейнеролик үшін абақтыға жабу және депортациялау туралы үкім шығарғанын айта кетпекпіз. Йемендік блогер Мұхамед әл-Бокари шілде айының 20-сы күні "желіде гомосексуализмді насихаттау арқылы қоғамдық адамгершілікті бұзды" және "әйелдерге еліктеді" деген айыппен 10 айға бас бостандығынан айырылып, 10 мың сауд риалы (2700 доллар) мөлшерінде айыппұл төлеуге үкім шығарды..

Ұқсас материал:

«ЛГТБ насихатына қарсы күрес күшейтіледі» (https://islam.kz/kk/news/alem/lgtb-nasihatyna-qarsy-kures-kusheitiledi-16916/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат