Араб елі жалған жұмысқа тұруды қылмыстық іске жатқызды
Араб елі жалған жұмысқа тұруды қылмыстық іске жатқызды
2 ай бұрын 760 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Дубай соты Біріккен Араб Әмірлігінің азаматтарын жалған жұмысқа тұрғызуды (яғни, тек формалды түрде жұмысқа қабылдауды) алаяқтық деп таныды. Және мұндай келеңсіздік анықталған жағдайда кінәлі тұлғалар енді азаматтық кодекспен емес, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Gulf News ақпарат көзіне жөн сілтеген BUSINESS EMIRATES агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай әрекетпен көзге түскен айыпталушы жақ тек айыппұл төлеп қана қоймай, лицензиясы жойылады немесе тоқтатылады. Егер мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп келген болса, мұндай игіліктен де қағылады. Алаяқтығы немесе құжатты қолдан жасағаны анықталып, дәлелденсе, ісі прокуратураға жөнелтіледі. Ал компанияның қожайыны немесе жетекшісі қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Дубай сотының мәлімдеуінше, жалған жұмысқа тұрғызу – мемлекет ресурсын талан-таражға салумен әрі қоғам сенімін жоғалтумен бірдей әрекет.

0 пікір
Мұрағат