Араб елі астанасындағы ерлер қарасы әйелдерден екі есе асып кеткен
Араб елі астанасындағы ерлер қарасы әйелдерден екі есе асып кеткен
6 ай бұрын 535 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Статистикалық дерек бойыныша Әбу-Даби халқының саны 3,8 миллион адамға жетті. Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасында ер адамдар саны әйелдерге қарағанда екі есе көп. Бұл жайында islam.kz порталы The National ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл мағлұмат биыл, яғни, 2024 жылы Әбу-Дабиде жүргізілген халық санағының деректеріне негізделген. Әбу-Даби тұрғындарының 67%-ын ер адамдар құрайды, астаналықтардың орташа жасы – 33 жас. Дәл осы  әмірліктің әкімшілік орталығында 2,5 миллионға жуық адам немесе жалпы халықтың (күллі БАӘ тұрғындарының) 66 пайызы тұрады. Ал Дубай статистика орталығының есебіне сәйкес 2024 жылдың алғашқы үш айында Дубай халқының саны 25 776 адамға өсіп, бүгінде 3 680 785-ке жеткен. Негізінен БАӘ халқының қарасы шетелдік жұмысшылар мен инвесторлардың жаңа легімен толыққан. Дәлірегі, шетелдіктер есебінен көбейіп отыр. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда халық саны жылдам өскен: мәселен, 2023 жылдың бірінші тоқсанында Дубайға 25 489 шетелдік маман келді. Алтын және күміс визаларды қоса алғанда, ұзақ мерзімді тұруға рұқсат беру схемалары бойынша әлемнің әр түкпірінен қоныс аударғандар қарасы биыл көбейген.

0 пікір
Мұрағат