Араб елдерінің өзара бәсекесі күшейді
Араб елдерінің өзара бәсекесі күшейді
2 сағат бұрын 50 24.kz

Әлемдегі оқиғалардан бірер ақпар. Шығанақтағы араб елдерінің өзара бәсекесі күшейгенін хабарлады 24.kz

Мұнайға тәуелділікті бір деңгейде азайтып, өңірлік жаңа көшбасшы болуға талпынған тараптар инвестиция, туризм, қаржы және технология салаларына мол қаржы құя бастаған. 

Дүниежүзілік банк деректеріне сәйкес Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері және Қатар шетелдік капитал тарту мен логистикалық хаб құру бағытында қызу бәсекелестікке түсіп отыр. Алайда, бұл – бір есептен экономиканы әртараптандыруға сеп. Соның әсерінен араб түбегі алдағы жылдары жаһандық инновация орталығына айналуы мүмкін. Десе де сарапшылар аймақтық ынтымақтастықты әлсірететін жайт барын айтады.

«Әсіресе геосаяси тұрғыдағы қарама-қайшылық артып, сыртқы капиталға талас шектен шығып кететін кездер болады», - дейді.

Тариқ Низами, «Ceo Clubs Network Worldwide» ұйымының бас директоры: - АҚШ – әлемдік алпауыт мемлекет. Араб мемлекеттері ол жаққа қаржы құйып қана қоймай, өңірге де инвестиция тартып жатыр. Айталық Араб әмірліктері америкалық тараппен бірлесіп, ірі дата орталықтарын салатын болды. Бұл өте ауқымды жоба. Себебі біз жаһандағы жетекші экономиканың озық технологияларына қол жеткіземіз. Сол арқылы жергілікті бизнеске жаңа мүмкіндіктер ашылады.



0 пікір
Мұрағат