Араб әлімене аштық қаупі төніп келеді – ХВҚ
Араб әлімене аштық қаупі төніп келеді – ХВҚ
2 жыл бұрын 1488 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Араб әлемінен 141 млн адам келесі жылы ашқұрсақ өмір сүретін болады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Саудия астанасында өткен жиындағы Халықаралық валюта қорының атқарушы директоры Кристалина Георгиеваның мәлімдемесіне жөн сілтеген Sabah ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. ХВҚ өкілінің айтуынша, мұндай жұтқа Таяу шығыс аймағындағы инфляцияның тым жоғары деңгейі мен азық-түлікпен жабдықтау тізбегіндегі ақау себеп болмақ. ХВҚ аталған аймаққа төніп келе жатқан осынау әлеуметтік апаттың алдын алу үшін табысы төмен елдерге Арабтардың үйлестіруші тобының 10 млрд доллар мөлшерінде гуманитарлық жәрдем көрсететін бастамасына қолдау көрсетіп отыр. Осы өңірдегі дәулетті елдердің, атап айтқанда, Саудия мен Біріккен Араб Әмірлігінің кедейлікті жоюға қосқан үлесін де атап өткен жөн. «Бидай, күріш және жасымық сияқты негізгі өнімдер Таяу Шығыстың көптеген елдері үшін қол жеткізуге қиын азықққа айналуы мүмкін. Осының аясында Сауд Арабиясы мен БАӘ-нің кедейшілікті еңсеруге және сол арқылы көршілес мемлекеттердегі тұрақтылықты нығайтуға үлес қосуға ұмтылысы қолдауға тұрарлық», - деді Azure Strategy сараптама тобының директоры Еліс Гоувер. Кристалина Георгиеваның Сауд Арабиясына сапары барысында дүйсенбі күні осы елдегі алғашқы ХВҚ кеңсесі ашылды.

0 пікір
Мұрағат