Араб әлемінің үштен бір бөлігі кедейлік қамытын киген
Араб әлемінің үштен бір бөлігі кедейлік қамытын киген
2 жыл бұрын 1795 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Комиссияның мәліметі бойынша COVID-19 пандемиясының және Украинадағы соғыстың салдарына қарамастан, аймақтағы экономикалық өсім келесі жылы 4,5 пайызды, ал 2024 жылы 3,4 пайызды құрайды, деп хабарлайды Біріккен Ұлттар Ұйымының жаңалықтар орталығы. Бұл жайында islam.kz порталы forbes.kz  ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өткен жылы инфляция деңгейі 14 пайызға өсті, алайда, сарапшылардың пікірінше, алдағы екі жылда бұл көрсеткіш тиісінше 8 және 4,5 пайызға дейін төмендейді. Комиссияның дерегінше, 2022 жылы 130 миллион араб кедейшілікте өмір сүрген, бұл көрсеткіш Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесіне мүше елдер мен Ливияны қоспағанда аймақ халқының үштен бірін құрайды. Зерттеу авторлары алдағы екі жылда кедейшілік деңгейі артып, 2024 жылға қарай 36 пайызға жетеді, деп есептейді. Өткен жылы аталған аймақтағы  жұмыссыздық әлем бойынша ең жоғары деңгейге жеткен – 12 пайыз. 2023 жылы бұл тараптағы көрсеткіш, комиссия сарапшыларының пікірінше, 11,7 пайызға дейін аздап төмендеуі мүмкін. Бұл тенденция COVID-19 пандемиясынан кейін экономиканы қалпына келтіру шараларымен байланысты орын алуы мүмкін. Бұл бағыттағы зерттеу авторларының бірі Ахмет Мүммидің пайымдауынша, аталған аймақ елдері экономикалық әлеуетінің арасындағы кереғарлық Украинадағы соғыстан айтарлықтай алшақтаған. Соғыс зардаптарын барлық елдер бірдей сезінген жоқ. Мәселен, Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесінің мүшелері мен басқа да мұнай экспорттаушылар энергия бағасының өсуінен қыруар пайда көрсе, мұнай импорттаушылар керісінше зардап шекті, салдарынан азық-түлік тапшылығына ұшыраған.

0 пікір
Мұрағат