Әр минут сайын өзбек жерінің 9 шаршы метрі шөлге айналуда
Әр минут сайын өзбек жерінің 9 шаршы метрі шөлге айналуда
3 жыл бұрын 2720 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Өзбекстан республикасы ғылым академиясының сейсмология институтының диркеторы, география ғылымдарының докторы Уақып Рафик өзбек аумағының шөлейттену процесінің қарқын алып келе жатқанын мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы centralasia.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымның сөзіне қарағанда, аталмыш процесс жылдан жылға оңтүстік, солтүстік, шығыс, әсіресе, батыс аймақтарында қарқын алып келеді. Дәлірегі, Қарнашөл, Мырзашөл, Шерабад, Далбарзын, Қарақалпақ шөлдерінің аумағы ұлғайып келеді. Бұған қоса, ең жас шөл саналатын Арал теңізінің құрғап кеткен табаны да шөлге айналуда. Бұдан бөлек, тартылған Арал теңізі табанынан көтерілген шаң мен тұз 400 шақырым радиусқа дейін ұшады. Яғни, ғалымның есебінше, өзбек жерінің әр 9 шаршы метрі минут сайын шөлге айналуда. Соған қарамастан өзбек билігі осынау зардабы мен салдары ауыр экологиялық апатпен күреске мән бермей отыр. Шөлейттенуге қарсы мемлекеттік деңгейде дереу пәрменді шаралар қабылданбаса, 2030-2040 жылдары Ташкент қаласы мен қала маңы ғана ауыл шаруашылығына жарамды қалпын сақтап қалады. Жердің шөлейттену процесіне табиғи және антропогендік факторлар ықпал етеді. Антропогендік факторларға (яғни, адамның қоршаған ортаға әсерінің салдарынан болатын) жерді дұрыс суармау, топырақты құнарынан айыру, яғни, дегредация, өнеркәсіп қалдығынан ластану, қандай да бір қазба байлықты өндіруде жер қыртысын ұқыпсыз пайдалану, т.б. факторларды қамтиды.

0 пікір
Мұрағат