Ақтық сапар алдындағы «қайғы тойы": Күйеу жігіт қалыңдығын жерлеу рәсімінде онымен «некесін» қидырды (видео)
Ақтық сапар алдындағы «қайғы тойы": Күйеу жігіт қалыңдығын жерлеу рәсімінде онымен «некесін» қидырды (видео)
5 жыл бұрын 3521 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Вьетнамның Хошимин қаласының тұрғыны қаза тапқан қалыңдығын жерлеу рәсімінде онымен «неке қидырып», қаза үстінде «үйлену тойын» өткізді. Басынан бастасақ. Данг Тхиен Ан қалыңдығымен Хошиминдегі техникалық униеверситетте оқып жүргенде танысқан болатын. Соңғы екі жылда жас жұп Жапонияда бірге жұмыс істеген еді. Олар некелесуге бел буады. Осы мақсатта, яғни, үйлену тойына дайындалу үшін Данг Тхиен Анның қалыңдығы отанына оралады. Тамыз айының 25-і күні Данг Тхиен Ан Facebook әлеуметтік желісінде қалыңдығының жол-көлік апатынан бақилық болғанын біледі. Ол дереу Вьетнамға аттанып, жерлеу рәсіміне үлгереді. Жерлеу рәсімінде ол табытта жатқан қалыңдығының саусағына неке жүзігін кигізіп, «Сен үшін көп нәрсе жасағым келіп еді, алайда, бүгін мен тек мынаны істей аламын»,- деп үйлену тойында айтпақ болған әнін шырқады.

 

0 пікір
Мұрағат