|
АҚШ-тың Таяу Шығыстағы соғыста қанша шығынға батқаны белгілі болды
|
АҚШ Таяу Шығыстағы соғыста кем дегенде алты триллион доллар шығынға батқаны белгілі болды. Бұл жайында Ақ үй қожайыны Дональд Трамп штат губернаторларымен кездесуі барысында мәлім етті. «АҚШ Таяу Шығыста соғыс жүргізіп келе жатқанына, міне, 17 жыл өтіпті. Жуырда барлық құжаттармен танысып шықтым. Осы уақыт аралығында соғысқа алты триллион доллар жұмсаған. Бұл соғыстан АҚШ ешнәрсеге қол жеткізген емес, бұған жол беруге болмайды. Керісінше Таяу Шығыстағы ахуал одан бетер күрделің сипат алды»,- деп мәлімдеді. АҚШ президенті осылай дей келе бұдан былай АҚШ-тың елден тысқары жерлерде соғыс жүргізбейтіні, оның орнына ел ішін тәртіпке келтіруге қаржы жұмсайтынын жеткізді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Таяу шығыстағы шиеленістен көл-көсір пайда көрген ел аталды
■
Араб елі ағза донорлығы туралы декларацияны оңтайландыру үшін цифрлы платформа енгізеді
■
Қазіргі дағдарыстың бұрынғы дағдарыстардан айырмашылығы немесе қаупі неде
■
Үндістанда мемлекеттік шекараны қолтырауындармен және жыландармен қорғау туралы бастама көтерілді
■
Жапония қару-жарақ сауда-саттығының ережесін өзгертеді