АҚШ-тың Ресеймен және Қытаймен ықтимал соғысының барысы қалай болмақ
АҚШ-тың Ресеймен және Қытаймен ықтимал соғысының барысы қалай болмақ
7 жыл бұрын 2935 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тың Әскери әуе күштерінің штаб басшыларының біріккен комитеті төрағасының орынбасары, генерал Пол Сельва АҚШ-тың басты бәскелестері Қытаймен және Ресеймен орын алуы ықтимал соғыстың барысын сипаттап бергендей болды. Бұл жайында Defense News ақпарат көзі хабар таратты. «Қытаймен кез келген соғыстың көп бөлігі теңізде және әуеде өтеді»,- деп топшылады ол. Осылай дей келе ол мұндай қарулы қақтығыста жаяу әскер мен құрлық әскері қолдау көрсетуден ары аспайтынын мәлімдеді. Ал Ресеймен ықтимал соғыста негізінен АҚШ-тың әскери әуе күштерінің тартылатынын айтты. Еуропаға әскер шоғырландыруға бағытталатын алғашқы кезеңде екі елдің арасындағы ұрыс қимылдары теңізде өрбитінін жеткізді. Сондай-ақ, ол Қытай мен Ресейдіің осы заманғы қару технологиясындағы жетістіктерін тілге тиек етті. «Біз гипердыбыс бойынша техникалық артықшылығымыздан айырылып қалдық, алайда, гипердыбыс бойынша майданда ұтылғанымыз жоқ»,- деді артынша. Оның пікірінше, Қытай мен Ресей аталмыш технологияны жетілдіруде алға озып кеткен. Тіпті, Қытайда гипердыбыс технологиясын жетілдірудің «ұлттық бағдарламаға» айналғанын жеткізді - жүздеген млрд доллар қаржы бөліп отыр. Генерал сөзінің соңында зымыранға қарсы қорғаныс құралдарын еңсере алатын маневр жасай алатын әрі гипердыбысты ұшу аппараттарын әзірлеуге ерекше ден қою қажеттігін алға тартты. 

0 пікір
Мұрағат