АҚШ тәліптерге не үшін соғыс ашты? Терроризммен күресу ме әлде...
|
Мәскеу мемлекеттік университетінің Азия мен Африка елдері институтының Таяу шығыс әрі Орта Азия елдері кафедрасының доценті Андрей Фурсовтың айтуынша, АҚШ терроризмді желеу етіп, тәліптерді биліктен тайдырғаннан кейін ауған жеріндегі есірткі өндірісі жанданған. Тәліптер қозғалысы тыйым салған есірткі өндірісі үшін АҚШ пен оның одақтастары ештеңеден тайынбайды. Өйткені, Орталық барлау басқармасы, МИ6, Моссад секілді батыстың аса ірі арнайы қызмет ұйымдары ақшаға шұғыл зәру әрі ешкімгі кіріптар болмай немесе мемлекетке алақан жая бермей өздерінің бюджетін қалыптастырғысы келеді. Олар бұл мақсатта есірткі трафигін бақылауға мәжбүр. Олардан бөлек, өз өтімділігін сақтау үшін әлемдегі банктер мен қаржы мекемелерінің шамамен 50%-ы да есірткі өндірісіне қатысы бар. Ғалымның сөзіне сенсек, есірткі айналымы батыстық арнайы ұйымдардың кіріс көзіне айналған. Десе де ол мұндай мәліметті қандай дерек көздерінен алғанын ашып айтпады. Сөз орайы келгенде айта кету керек, "Орыс жерін түгендеу" деген Крмелден түбі шикі әрі арандатушылық бастама көтерілгенде біз сөз етіп отырған ғалым шовинизммен ауыратынын байқатып алған еді.