АҚШ-та исламофобиямен және антисемитизммен күресетін орган құрылады
АҚШ-та исламофобиямен және антисемитизммен күресетін орган құрылады
2 жыл бұрын 1213 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ақ үй қожайыны Джо Байден пәрменімен исламофобиямен және антисемитизммен күресетін әрі осынау әлеуметтік жат құбылысқа қарсы іс-қимылдарды реттеп, үйлестіретін ведомствоаралық орган құрылады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьерге жөн сілтеген golosameriki.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ақ үй баспасөз хатшысының айтуынша, ең алдымен исламофобиямен және антисемитизммен күресудің ұлттық стратегиясы әзірленеді. Ведомствоаралық топты ішкі саясат кеңесі мен ұлттық қауіпсіздік кеңесінің мүшелері басқарады. Олардың бұл тараптағы қызметі өз кезегінде АҚШ үкіметінің исламофобиямен, антисемитизммен және осы жат құбылыстармен байланысты кемсітушілікпен күресудегі ортақ әрекеттерін үйлестіруге көмектеседі. Сондай-ақ, бұл бағыттағы күреске құқық қорғаушылар мен азаматтық қоғамның белсенді мүшелері де тартылады.

Пресс-секретарь Белого дома Карин Жан-Пьер

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер

0 пікір
Мұрағат