АҚШ-та "Ислам мемлекетіне" қатысты деген айыппен қазақстандық азамат ұсталды
|
Келесі аптада АҚШ соты Нью-Йоркте "Ислам мемлекеті" террорлық ұйымына қатысы бар деген күдікпен ұсталған қазақстандыққа тағылған айыпты қарайды. Бұл туралы ҚазТАГ Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Нью-Йорк қаласындағы Бас консулдығының қызметкерлері "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымымен байлынысы бар деген күдікпен АҚШ билік өкілдерімен ү. ж. ақпан соңында ұсталған Қазақстан азаматы А. Сейдахметовпен кездесті", - делінген СІМ баспасөз қызметі бейсенбі күні таратқан хабарда.
Кездесу барысында А.Сейдахметов денсаулығы мен түрмедегі жағдайына қатысты шағым айтқан жоқ.
АҚШ Федералды соты оған тәжірибелі адвокат А. Перлматтерді тағайындады. Оның сөзі бойынша, келесі аптада сот айыптау актісін іске қабылдауы орын алуы мүмкін.
Сыртқы істер министрлігі бұл мәселені бақылауында ұстап отырғанын да жеткізді.
Хабарда айтылғандай, Министрлікке келіп түскен ақпаратқа сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтық тұлғалар базасында шын мәнінде 1995 жылы 26 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген, ұлты өзбек Сейдахметов Ахрор Абрарұлы деген азамат тіркелген.
2011 жылдың қазан айында 16 жасында ол Өзбекстанға кетіп, содан бері Қазақстанға қайтып оралмаған.
Қазақстанның Нью-Йорктағы Бас консулдығында консулдық есепте тұрмаған. Қазіргі таңда А.Сейдахметовтың өзі де, оның туыстары да қандайда бір көмек көрсету туралы өтініш білдірмеген.
Мұндай өтініш болған жағдайда, оған тиісті консулдық-құқықтық қолдау көрсетілетін болады, дейді СІМ.
"Жалпы, Қазақстан халықаралық қауымдастықтың, оның ішінде Құрама Штаттарының, экстремизм мен "Ислам мемлекеті" атты ұйымымен күресіне бағытталған күш-жігерін қолдайды. Біз аталған істі тергеуде АҚШ билігіне жан-жақты көмек көрсетуге дайынбыз", - делінген ақпаратта.
Бұрындары БАҚ-тар хабарланғандай, Бруклиннің Нью-йорк ауданының прокуроры Лоретта Линч, 25 ақпанда Джон Кеннеди атындағы нью-йорк халықаралық әуежайында қазақстандық 19 жасар Ахрор Сайдахметов ұсталды деп хабарлады. Ол Түркияға ұшатын ұшаққа отырмақшы болған, ал одан соң Шамға бет алмақшы болған.
Сол сияқты айып өзбекстандық 24 жасар Абдурасул Джурабоевқа тағылған. Ол және А.Сайдахметов ИМ жақтаушылары болып табылады және АҚШ аумағында шабуыл жасауға дайын болған. Өзбекстандық тағы бір азамат, 30 жасар Аброр Хабибов, айып қорытындысы бойынша А.Сайдахметовке оның ИМ қозғалысына қосылуына қаржылық көмек көрсеткен.