АҚШ-та босқындарға қатысты жаңа бағдарлама жүзеге асырылады
АҚШ-та босқындарға қатысты жаңа бағдарлама жүзеге асырылады
2 жыл бұрын 1189 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

АҚШ билігі босқындарға арналған жаңа бағдарламаны іске асыруға кіріседі. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш бағдарлама аясында демеуші ретінде АҚШ-тың кемінде 10 000 тұрғынын тартуды және осы бағдарламаның алғашқы жылында әлемнің түкпір-түкпірінен 5 000 босқынды орналастыруды жоспарлап отыр. Бұл ақпарат АҚШ мемлекеттік департаментінің сайтында жарық көріп отыр. Нақтырақ әрі тарқатып айтсақ, бұл бағдарлама өз кезегінде кез келген америкалық азаматқа АҚШ-тың босқынндарды қабылдау бағдарламасы (USRAP) бойынша келгендерге жәрдемдесуіне, дәлірегі, босқын баспанамен қамтамасыз етуіне мүмкіндік бермек. «WelcomeCorps бағдарламасы USRAP әлеуетін нығайтуға және кеңейтуге арналған, соның ішінде жеке донорлар ретінде қызмет еткісі келетін өмірдің барлық салаларындағы америкалықтардың - діни және қауымдық мүшелерінің, ардагерлердің, диаспоралық қауымдастықтардың, компаниялардың, колледждердің, университеттердің және тағы басқалардың әлеуеті мен ресурсын пайдалануды көздейді», - делінген ведомствоның хабарламасында. Бұған қоса, босқындарға алғашқы 90 күнде қоныстануы, азық-түлік алуы және медициналық жәрдем алуы үшін көмек көрсетіледі.

0 пікір
Мұрағат