АҚШ пен Ресей соғыса қалған жағдайда Ресейдің жеңілу қаупі жоғары. Неге?
АҚШ пен Ресей соғыса қалған жағдайда Ресейдің жеңілу қаупі жоғары. Неге?
7 жыл бұрын 6550 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Майданда үстем түсу үшін соғысушы тараптардың әскери, экономикалық, т.б. әлеуеті сарапқа салынады. Әлбетте, Ресейдің әскери әлеуетін ескермегенде басқа салада АҚШ-тың деңгейіне маңайлай алмайды. Мысалы, бейнелеп айтқанда, өз саласының жілігін шағып, майын ішкен мамандар тапшылығын, яғни, мидың жылыстауын да соғыстың барысына өз әсерін тигізетін ықпалды факторларға жатқызыпты. Сарапшылар екі алып держава соғыса қалған жағдайда қай елдің жеңуге мүмкіндігі мол екенін сарапқа сала келе Ресейдің жеңілу қаупі жоғары екенін, яғни, соғыста АҚШ-тың мерейі үстем түсетінін алға тартып отыр. Дәлірегі, мұны орыстардың өздері мойындап отыр. Нақтырақ айтқанда, Ресей ғылым академиясы президиумының бас ғылыми хатшысы Николай Долгушкин Ресейден мидың жылыстау көрсеткіштерін (жылдарға шаққанда) салыстырыпты. Мәселен, 2013 жылы Ресейден 20 мыңнан аса жоғары білікті маман батыс елдеріне (дені) қоныс аударса, 2016 жылы бұл көрсеткіш екі еседен асып кеткенін мәлімдеді. Яғни, 2016 жылы 44 мыңнан аса жоғары білікті маман басқа елдерге кеткен. Есесіне, Еуроодақ елдері мен АҚШ-та ғалымдардың қарасы 2–3%-ға, ал Бразилияда, Оңтүстік Кореяда және соңғы уақытта жоғары білікті маман тарту мен дайындауды мықтап қолға алған Қытайда 7–10%-ға артқан. Оның үстіне, Ресейден кетіп жатқан мамандардың жас айырмашылығы да назар аудартқан: көбісі 39 жасқа дейінгілер - 43,3%. Бұрын соғыс пен тартыс территория үшін өрбісе, ХХ ғасырда ресурс үшін қарулы қақтығыс жиі орын алған. Ал ХХІ ғасырда маман үшін күрес жүріп жатыр. 

0 пікір
Мұрағат