АҚШ конгресі Інжілдің кей шумақтарына тыйым салуы мүмкін
|
«Сендер де, бүкіл Исраил халқы да мынаны біліңдер: бұл адам сен айқышқа шегелеп, Құдай қайта тірілткен назареттік Иса Мәсіхтің атымен аман-сау тұр!» Апосталдардың істері 4:10. Осы және басқа да Інжіл мәтіндеріне АҚШ Өкілдер палатасы қабылдаған антисемитизм туралы жаңа заң бойынша Құрама Штаттар аумағында тыйым салынуы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде түріктердің Sabah ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Америкалық заң шығарушылар мақұлдаған тыйым салынған мәлімдемелердің қатарында Холокостты еске алу альянсы «яһудилердің Исаны айқышқа шегелегені» фактісіне «сілтемелерді» қамтаған. Інжілдің мәтініне тыйым салуды қолдап 320 парламентарий дауыс берсе, 71-і қарсы шыққан, 20-сы қалыс қалды. Егер атталмыш заң жобасы қабылданса, АҚШ-тағы 300 000-дей христиан бұдан былай мұндай жазбалардан үзінді келтіре алмайды және Исаның айқышқа шегеленгені туралы «жақ ашпауға» мәжбүр болады, сонымен қатар, оларға Израил мемлекетін сынауға тыйым салынады. Алайда, заңнама Құрама Штаттарды сынауға тыйым салмайды.