АҚШ гендік өңдеу әдісін қолданатын ем түріне ресми рұқсат берді
|
Америка құрама штаттарының азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын тазалық тұрғысынан қадағалау жөніндегі басқармасы (FDA) гендік редакциялау әдісін қолдануды ұйғаратын терапияны ресми түрде мақұлдады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш ұйымның сайтына (fda.gov) сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сарапшылар екі жаңа емдеу тәсілін қолдануды мақұлдады - Casgevy және Lyfgenia. CRISPR негізіндегі терапия – қажетті қасиеттерді дарыту үшін геномның белгілі бір бөліктерін кесуге, енгізуге немесе өзгертуге мүмкіндік беретін генетикалық «қайшы». Осы орайда мұндай терапияны, яғни, генді өңдеуді ұйғаратын ем түрін қолдануға Ұлыбританияда да рұқсат берілгенін айта кетпекпіз. Генетикалық «қайшыны» 12 жастан асқан науқастарда орақ жасушалы анемияны емдеу үшін қолдануға болады. Бұдан бөлек, тұқым қуалайтын, соның ішінде туабітті ауруларды болдырмасы үшін қолдануы мүмкін. Bluebird гендік терапия компаниясы Casgevy әдісімен бір жолғы емдеу құны 2,2 миллион доллар, Lyfgenia - 3,1 миллион доллар болатынын жариялады. АҚШ-та шамамен 100 000 адамға орақ жасушалы ауру диагнозы қойылған.