АҚШ билігі Қытайды сирек кездесетін жануардың жойылуына жол беріп келеді деп айыптады
АҚШ билігі Қытайды сирек кездесетін жануардың жойылуына жол беріп келеді деп айыптады
1 жыл бұрын 1090 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Америка құрама штаттары табиғатта сирек кездесетін панголин контрабандасы үшін Қытайды айыптап, абыройына нұқсан келтірмеуі тиіс, деп мәлімдеді Қытай халық республикасының АҚШ-тағы елшілігі. Бұл жайында islam.kz порталы «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытай елшілігінің мәлімдеуінше, Бейжің осынау сүтқоректінің түрін қорғау міндетін орындап отыр әрі панголиндердің заңсыз саудасы мен контрабандасына тосқауыл қойып келеді. Осылай деген елшілік Қытай билігі алдағы уақытта жабайы жануарларды қорғау бағытында халықаралық ұйымдармен және әлем қауімдастығымен бірлесіп әрекет ететінін, жойылу қатері төнген түрлерді қорғауда ғылыми тәсілдерге жүгінетінін жеткізді. Осы орайда Ақ үй қожайыны Жо Байденнің әлемдегі жалғыз қабыршықты сүтқоректі – панголиндерді қытайдың дәстүрлі медицинасында пайдаланатын Қытайдан оның импортын тоқтатуды талап еткенін айта кету керек. Егер бұл талапқа құлақ аспаса, Қытайға санкция салынатынын ескертті. Өйткені, бұл жануарды коммерциялық мақсатта пайдалануға әлем бойынша тыйым салынған. CNN арнасының хабарлауынша, мейрамханаларда жеңсік ас саналатындықтан панголин етінің бір килосының бағасы 350 доллар шамасында. Ал «қара нарықта» браконьерлер жануарды 22 дол­лар­ға сатады. Оның терісінің құны Вьетнам, Қытай секілді елдердегі жайма базарларда 1 000 долларға жетіп жығылады. 1990 жылдардың аяғында Қытай аумағындағы панголиндер саны 60 мыңға жеткенімен соңғы 20 жылға жуық уақыт ішінде олардың қарасы шамамен 90%-ға азайып кеткен. Қытай билігі оларды аулауға 2007 жылы тыйым сала бастады, ал Қытайдан панголиндердің коммерциялық экспорты 2018 жылы тоқтатылды. Дегенмен, бұл жануарларды заңсыз жолмен аулау тоқтамай тұр, өйткені, оның терісі қан айналымын жақсартуға және түрлі қабынуларды азайтуға көмектеседі деп саналады. 1993 жылы Қытайдың дәстүрлі қытай медицинасында мүйізтұмсық мүйізі мен жолбарыс сүйегінің қолданылуына тыйым салынғанын да айта кету керек.

0 пікір
Мұрағат