АҚШ бастаған коалиция күштері қанша бейбіт тұрғынның ажалына себепші болды
АҚШ бастаған коалиция күштері қанша бейбіт тұрғынның ажалына себепші болды
7 жыл бұрын 2557 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ бастаған коалиция күштері Сирия мен Шам жерінде содырларға қарсы әскери операция кезінде кем дегенде 841 мың бейбіт тұрғынды жер жастандырған. 2014 жылдың тамыз айының 8-нен бастап Сирия мен Шам жерінде жүргізілген  Inherent Resolve («мызғымайтын шешім») деп аталатын әскери операцияны басқарған штаб есебінде осындай дерек келтірілген екен. Яғни, бір мегаполис тұрғындарының санына тең адам коалиция күштерінің оғынан опат болған. Бұған қоса, 2014-2018 жылдар аралығында аталған әскери операция барысында 29070 рет әуеден соққы берілгені турасында мәлімет жүр. Аталмыш штаб өкілінің сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта коалиция күштері содырлар басып алған аумақтың 80 пайызын азат еткен. Бұдан бөлек, Ресейдің әскери операциясынан да опат болғандар саны бұл көрсеткіштен сәл кем демесең, талай бейбіт тұрғын қынадай қырылды. Бұл туралы кезінде нақты деректер келтіре отырып, хабарлаған болатынбыз.  

0 пікір
Мұрағат